Белгісіз азамат кіреберіс есіктің әйнегін балғамен сындырып, дүкен ішіне кіріп, 18 ұялы телефонды ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кәсіпкердің бағалауынша, келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құрады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған кезде қолға түсті. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде барлық ұрланған ұялы телефондар тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу