Ақтөбеде ер адам итті пышақпен тілгілеп тастаған

293

Оқиға 10 шілдеде Рысқұлов көшесінде болған. 

Ақтөбеде ер адам итті пышақпен тілгілеп тастаған Фото: видео скриншот

Ақтөбеде ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде қаңғыбас итті пышақпен аяусыз тілгілеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еріктілер полиция қансырап жатқан итті бір сағат бойы өздеріне бермегенін айтып отыр.

"Бізге Қарлығаш деген қыз хабарласып, Рысқұлов көшесінде иттің қан-жоса болып жатқанын айтты, бірақ ол тірі екен. Біз жеттік, ондағы баспалдақтың бәрі қан! Ол жерде полиция қызметкерлері жүрді, көмек сұраған қыз да болды. Итті кескілеп тастаған алған пәтеріне қамалып алған. Біз итті алып кеткіміз келді, бірақ полиция тергеу жүріп жатқанда оны бермейтінін айтты. Ит көп қан жоғалтты емес пе, оған шұғыл көмек қажет еді", - деді ерікті Людмила.

Полицейлердің айтуынша, итке қажетті көмек көрсетілген.

"Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу