37 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда құлаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Арнайы зембіл арқылы зардап шегушіні ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, оның иық сүйегі сынған, бас-ми жарақатын алған және кеудесі де зақымданған. Қазір қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу