Ақтөбеде ер адам мигранттарға "қамқорлық танытқаны" үшін пара алған

458

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбеде ер адам мигранттарға "қамқорлық танытқаны" үшін пара алған

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетел азаматтарының Қазақстан аумағына заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомство мәліметінше, 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері заңсыз көші-қон арнасының жұмыс істеуіне жалпы қамқорлық жасауы үшін лауазымды тұлғаға пара берді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған. Пара нысаны ретінде 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алынды", делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 2-бөлігі (айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. 

Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу