Ақтөбеде ерекше индустриялық аймақ жобасы қолға алынды

1134

Ол жүзеге асқан жағдайда 20 мыңдай адамды жұмыспен қамтымақ.

Ақтөбеде ерекше индустриялық аймақ жобасы қолға алынды

Ақтөбе облысында ерекше индустриялық аймақ түзілмек. Қазіргі күні ол үшін 450 га жер телімі бөлінген, деп жазды жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбеде 2015 жылы ауданы 200 га болатын "Ақтөбе" индустриялық аймағы құрылған болатын. Онда құны 28 млрд теңге болатын 12 жоба орналастырылып, 655 жұмыс орны ашылған. Ал болашақта мұнда 852 жұмыс орнын құрайтын 12 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жерде химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, логистика, дөңгелекті қайта өңдеу және қалпына келтіру, ақпараттық технологиялар саласы бойынша жұмыстар жасалып жатыр. 

Енді "Ақтөбе" индустриялық аймағымен қатар, шетелдік инвесторларды тарту және жаңа өндірістер құру мақсатында шетелдік әріптестердің қатысуымен ерекше индустриялық аймақ құру мәселесі қаралуда.

"Бүгінгі таңда әкімдік ерекше индустриялық аймақты орналастыру үшін ауданы 450 га жер учаскесін бөлді және жобаны сәтті іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерге барлық қажетті өзгерістер енгізілді", – дейді Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов.

Жаңа индустриялық аймақта көптеген өндіріс орындары орналастырылып, 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оған артылып отырған үміт көп, атап айтқанда, жоба импортты алмастырып, халықаралық жетекші компанияларды тартып, экспорт көлемін ұлғайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу