Ақтөбеде есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа жолдама алды

471

Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде есептегі сотталғандар тұрақты жұмысқа жолдама алды Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша идеологиялық, ақпараттық насихаттау түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған дөңгелек үстел өтті. 

Аталған іс-шараға Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 азамат қатысып, нәтижесінде 5 азаматтың біреуі – оқыту курсына жазылды, төртеуі нарықтағы сатушы, логистик мамандарына жолдама алды. Ал қалған бес азамат өздеріне ұсынылған жұмыстан бас тартты.

"Мұндай іс-шаралар пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар арасында жұмыссыздықтың санын азайту үшін жүйелі түрде, атап айтқанда Ақтөбе қалалық прокуратурасымен келісілген жоспарға сәйкес айына екі рет өткізіліп тұрады", дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Жұмагүл Ешниязова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу