Ақтөбеде есірткі сатқан азамат 11 жылға сотталды

504

25 жастағы жігіт сату мақсатында өзінің гаражында синтетикалық есірткіні жасырын сақтаған. 

Ақтөбеде есірткі сатқан азамат 11 жылға сотталды Фото: Polisia.kz

Сотта ол өзіне мефедрон мен “альфа PVP” синтетикалық есірткілерін қала бойынша тарату ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай ақша табу жолын Telegram әлеуметтік желісі арқылы тапқан. 

Осы мақсатта жас жігіт өзінің гаражында сатуға арналған синтетикалық есіркіні орап сақтаған. Сот сотталушының есірткіні сатып алу, сақтау және таратудағы кінәсі толық дәлелденгенін анықтады. Сот есірткі курьерін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу