Ақтөбеде есірткі таратты деген күдікпен 2 адам ұсталды

209

Күдіктілер есірткіні Telegram арқылы сатып алған.  

Ақтөбеде есірткі таратты деген күдікпен 2 адам ұсталды Фото: polisia.kz

Ақтөбеде "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция күдіктілерді қаланың өнеркәсіптік аймағында қолға түсірген. Олардың бірін тінту кезінде ішінде жасыл түсті зат бар 246 орама, ал оқиға орнын тексеру барысында тағы 133 орама тәркіленді.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер есірткіні Telegram-дағы интернет-дүкен арқылы сатып алып, жасырын орындарға жасыру арқылы таратқан.

Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция есірткіні сақтау, тасымалдау және өткізу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу