Жеке тінту барысында әйел адамның қалтасынан салмағы 0,75 грамды құрайтын ұнтақ зат салынған бір орам табылып, тәркіленді. Әрі қарай ұсталғанның мекенжайын тінту барысында есірткі заттары салынған 10 пакет пен электрондық таразы табылып, тәркіленді.
Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің бұған дейін бау-бақша ұжымдары аумағындағы 4 жерге есірткі қойғаны анықталды. Тексеру кезінде ұнтақ зат салынған 70 орама табылып, тәркіленді. Тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келіден асады. Бұл екі мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Күдікті Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу