Ақтөбеде ескі қорымның 5 гектар аумағы жанып кетті

625

"Ешкім жарақаттанған жоқ", - дейді төтеншеліктер.

Ақтөбеде ескі қорымның 5 гектар аумағы жанып кетті

Ақтөбеде Сүт зауыты ауданындағы ескі қорым ішінен өрт шығып, тұрғындар дабыл қақты, деп хабарлайды aktobenews.kz.

Жерлеу рәсімін өткізетін мекеме тұрғындарды сабырға шақырып, өрт сөндірушілерге хабар берілгенін жеткізді. Ал төтенше жағдайлар қызметі өрттің 5 гектарға жеткенін хабарлап отыр.

"22 тамыз сағат 16:40 шамасында Ақтөбе қаласы, "Сүт зауыты" ауданы, ескі қорым аумағында құрғақ шөп жанды. ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 17 адам, 4 автокөлік жіберілді. Жану 21 сағат 30 минутта толықтай сөндірілді. Жану алаңы — 5 га. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу