Ақтөбеде футбол фристайлын серік еткен жалғыз спортшы Ресей чемпионатынан жүлдемен оралды

772

Ал Қазақстан бойынша спорттың бұл түрімен айналысатын оннан астам ғана адам бар. 

Ақтөбеде футбол фристайлын серік еткен жалғыз спортшы  Ресей чемпионатынан жүлдемен оралды

Нұрсейіт Досмағамбетов футбол фристайлымен Ресей чемпионатына қатысып, үшінші орын алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбелік бұған дейін футбол фристайлынан Қазақстан чемпионатында екі рет жеңімпаз атанып, бірнеше халықаралық онлайн турнирлерде топ жарған. Бұл жолы Ресейге барып, Казань қаласынан үшінші орынмен оралды.

"Ресейдегі чемпионатқа 40-тан астам спортшы қатысты. Қазақстаннан екі адам барып, өзім жүлдегер атандым. Мен футбол фристайлымен 14 жасымнан бастап шұғылданып жүрмін. Ақтөбеде қазіргі кезде спорттың бұл түрін серік еткен ешкім жоқ. Сондықтанда Астанада жеке спорт мектебін ашып қойдым. Онда оннан астам бала допты баспен, денемен, аяқпен басқаруды үйреніп жүр", – деді Нұрсейіт Досмағамбетов.

Ол биыл Еуразия ұлттық университетін көлік инженері мамандығы бойынша тәмамдады. Дегенмен өз қабілетін арттырып, футбол фристайлы спорт түрін дамытуды көздейді.

"Қазақстанда бұл саланың федерациясы болғанмен көбіне футболға ғана көңіл бөледі. Негізі кәсіби футболмен шұғылдану арманым еді. Өзім қазақ-түрік лицейінде білім алған соң, оған уақыт болмады. Екіншіден Қазақстанда футболмен шетелге шығу да, ол жақтан шақыру алу да қиын, кейде мүмкін емес. Мен үшін өзге әріптестермен байланыс орнатып, өзге елге бару маңызды болды. Қазір әлеуметтік желі арқылы байланыс әлемнің түкпір-түкпірімен орнады. Қазақстанда оннан астам адам ғана бар. Алғашында хобби болды, қазір кәсіби спортшы қатарына қосылдым. Екі сағат бойы допты жерге түсірмей басқара аламын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу