Ақтөбеде газ баллоны жарылып, 4 адам ауруханаға түсті

545

Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында газ баллоны жарылып, үй қирап қалды.

Ақтөбеде газ баллоны жарылып, 4 адам ауруханаға түсті Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Сол сәтте үйдің болған 4 адамның бәрі аудандық ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің денесін күйік шалған. Ал қалған екеуі түрлі деңгейде жарақат алған.

"Бүгін сағат 12:06-да құтқару қызметінің пультіне Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында орналасқан тұрғын үйдің ішінде газ баллоны жарылып, үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінен 5 адам мен техника жұмылдырылды. Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде тұрғын үйде газ баллоны ашық қалып, газдың ауаға тарағаны, содан гүрс етіп жарылып, өрт шыққанын білді. Үйдің қабырғасы құлап қалған. Өрт салдарынан 4 адам Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. 2 адамды әр түрлі дәрежедегі күйік шалған. Жағдайлары қазіргі таңда тұрақты", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар тұрғын үйден 50 литрлік екі газ баллонын шығарды. Өрт сағат 13:30-да сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу