Сұйытылған отынды сатылымға шығаратын бекеттер тек талонмен жіберіп жатыр. Ақтөбе облысы әкімдігіндегілер мұны жаз мезгілінде газ тұтынушылар көлемі,әрі транзиттік көліктердің артуымен түсіндіріп отыр. Облыстың ай сайынғы қажеттілігі 14 200 тонна газ болса, өңірге 10-12 мың тонна бөлініп отыр.
Тамыз айында энергетика министрлігі біздің облысқа 12 394 тонна сұйытылған мұнай газ бөлді. Зауыттан газ толтыру орнына, содан кейін ғана газ құю бекеттеріне жетеді. Бұл жерде жеткізу жағы да уақытты қажет ететінін ескерген жөн, -деді Ақтөбе облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұртай Сертаев.
Облыста 51 844 газ қондырғысы бар көлік тіркелген.