Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп кетті

331

 Газ құю бекетінің операторын күйік шалып, ауруханаға түсті.

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп кетті Фото: Бейнежазбадан

Оқиға Ақтөбе қаласы Астана ауданы Едіге батыр даңғылы бойында орналасқан авто­газ құю станциясында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 литрлік тұрмыстық газ баллонын толтыру кезінде жеңіл автокөлік өртенді. Өрт кезінде газ баллоны жарылмады.

"Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Өрт резервуар мен инфрақұрылымға таралмады. Оқиға салдарынан автогаз құю бекетінің операторын күйік шалды. Зардап шеккен жұмысшыға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ол дереу медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқас травматология бөліміне жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты, науқас есін біледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу