Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

235

Олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала.

Ақтөбеде газ құю бекетінде тұрған көлік өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті Фото: Бейнежазбадан

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 нөміріне хабарлама сағат 22:55-те түскен. Өрт сөндірушілер Ақтөбе қаласындағы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетіне жедел жетіп, тілсіз жауды сағат 23:03-те толық сөндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Өртті сөндіру барысында көлік ішінен 3 адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына 10-нан астам техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілермен бірге Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және Апаттар медицинасы орталығының мамандары жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу