"17 шілде жергілікті уақытпен сағат 19:02-де Ақтөбе облысы Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің "101" желісіне "Лимангаз" ЖШС автогаз құю станциясындағы өрт туралы хабар түсті. Өртті Ақтөбе облысы Алға аудандық өрт сөндіру қызметі сөндірді", – делінген ресми ақпаратта.
Хабарламада айтылғандай, өрт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Алдын ала ақпарат бойынша, газ құю бекеті күндізгі сағат 12-ден бастап жұмыс істемеген. Бекет аумағында 2 қызметкер болған. Куәгерлердің айтуынша, өртенген цистерна бос болған", – дейді ведомстводан.
Бүгінде Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт себебін анықтау үшін техникалық сараптама тағайындады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті болған жайттың мән-жайын анықтауға қатысты комиссия құрылатынын және оқиға орнына мемлекеттік инспектордың жіберілгенін хабарлап отыр.
"Толық ақпарат тергеу жүргізіліп, өрттің бүкіл мән-жайы анықталғаннан кейін ұсынылады", – деген түсінік берілді комитеттен.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы Алға ауданындағы газ құю бекетінде цистерна жарылып, көлік пен әкімшілік ғимараттың жанып кеткенін хабарлаған едік.