Өндіріс ошағындағы апат туралы 112 пультіне 1-мамыр күні сағат 15:55-те хабарлама түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Денесін күйік шалған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды.
"Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жаңажол кен орнында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында қондырғы өртенгені туралы хабарлама келді. Төтенше жағдайлар департаменті аэровизуалды барлау жүргізіп, жедел штаб құрды.Өрт сағат 20:35-те оқшауланды," деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды сөндіруге 50-ден астам өрт сөндіруші мен 9 бірлік техника жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу