Ақтөбеде газ ұрлығына қатысты сот үкімі шықты

736

Ақтөбеде газ ұрлығына қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбеде сұйылтылған газды заңсыз шетел асырған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты cот үкімі шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Айыпталушылардың біреуі кінәлі деп танылып, қалғандары сот залынан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың наурыз айында ұсталған күдіктілерге әлеуметтік газды жалған құжатпен шекара асырды деген айып тағылған болатын. Прокурорлардың айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топ сұйылтылған газды Ақтөбеден Қызылорда мен Шымкент қалаларына жеткізіп, одан әрі теміржол арқылы Ауғанстан мен Тәжікстанда саудалаған. Бұл әрекет Ақтөбеде алғаш рет газ тапшылығын тудырды. Осылайша қылмыстық топ мүшелері мемлекетке 195 млн теңге шығын келтірген болатын.

"Төлегенов Камиль Исламұлын Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 234-бабы, 2-бөлімі, 1,4,5-тармақтары бойынша айыпты деп танып, 2 жыл бас бостандығына шектеу қойылсын. 195 миллион 419 мың 933 теңге көлеміндегі келтірілген шығын мемлекет есебіне өндірілсін", - деді қалалық №2 соттың судьясы Ербол Әбдіхалықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу