Ақтөбеде газды шетелге заңсыз шығарумен айналысқан топ ұсталды

699

Ақтөбеде газды шетелге заңсыз шығарумен айналысқан топ ұсталды

Ақтөбеде сұйылтылған газды шетелге заңсыз шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды "Ақтөбе ақпарат" ақпарат орталығы. 

Үкімет пен Ақтөбе облысы əкімдігінің тапсырмасымен бас көлік прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі, облыстық ішкі істер департаменті мен ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмысын жүргізді.

Бірлескен шараның нәтижесінде Ақтөбе бекетінде аса ірі көлемдегі сұйылтылған газды өңір сыртына жəне шетелге заңсыз тасымалдап, өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары Ақтөбе облысының газ желісі ұйымдарының аумағында өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу