Ақтөбеде гуманитарлық көмек қабылдайтын 2 орталық ашылды

456

Екі орталыққа кез келген адам су тасқынынан зардап шеккендерге арнап көрпе-төсек, киімдер, азық-түлік пен гигиеналық заттар өткізе алады.      

Ақтөбеде гуманитарлық көмек қабылдайтын 2 орталық ашылды Фото: diapazon.kz

Қазірдің өзінде өз жәрдемін ұсынушылар аз емес, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Бір тәулік бұрын жұмысын бастаған орталықтарға азық-түлік, төсек орын, киім-кешек және гигиена заттарын тапсырып жатқандар көп.

Қайырымды іске қарапайым тұрғындар, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де қолдау көрсетіп жатыр.

Жастар жасағының жетекшісі Ақбаян Бөпежанның айтуынша, бұл жерде автоволонтерлар, яғни ер адамдар көбінесе өздерінің көліктерімен халыққа көмектесіп жатыр.

Қыз балалар тамақ жағынан және де гигиеналық заттарды тасуға көмектессе, ал ер балаларымыз тұрғындарымызды эвакуациялауға көмектесіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу