Ақтөбеде иесіз жатқан инженерлік желілер коммуналдық меншікке берілмек

962

Ақтөбе облысында өңірдегі инженерлік желілерді (нысандарды, жабдықтарды) табиғи монополиялар субъектілеріне сенімгерлік басқаруға берудің жол картасына сәйкес коммуналдық және иесіз инженерлік желілердің тізімі жасалды.  

Ақтөбеде иесіз жатқан инженерлік желілер коммуналдық меншікке берілмек

Облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Айбек Қайыр "Облыстағы коммуналдық желілердің ұзындығы 10 690,4 шақырымды құрайды, соның ішінде газ желісі 2 182,5 шақырым, сумен жабдықтау желісі 3 505,3 шақырым, су тарту желісі 578,4 шақырым, жылу 540,6 шақырым, электр желісі 3 883,6 шақырым. Олардың ішінде табиғи монополиялар субъектілеріне берілетіні 5 220,4 шақырым. Иесіз жатқан инженерлік желілердің ұзындығы 135,2 шақырым, соның ішінде жылу желісі 7,5 шақырым, электр желісі 127,7 шақырым және трансформаторлы қосалқы станса 22 бірлік", - дейді.

Облыстағы берілмеген инженерлік желілердің дені Ақтөбе қаласынікі, атап айтқанда, олар Батыс 1, 2 шағын аудандарының бау-бақша ұжымдарына тиесілі.

Апаттар мен шығындарды азайтуға, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін мамандандырылған ұйым осы желілерді тиісті деңгейінде ұстау мақсатында 2020 жылдың шілде айында Ақтөбе қаласының әкімдігі, "Aametrology + standartisation" ЖШС мен "Парыз" қоры арасында Батыс 1, 2 шағын аудандарындағы инженерлік желілерге түгендеу жүргізу туралы үшжақты келісім жасалды.

Батыс 1, 2 шағын аудандарында жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша "Aametrology+ standartisation" ЖШС 64,1 шақырым газ, 45,6 шақырым су, 50,3 шақырым су тарту, 53,6 шақырым электр желілерін тексеріп шықты.

Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының аудан әкімдеріне анықталған иесіз желілерді коммуналдық меншікке қабылдау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Ақтөбе қаласы әкімдігі құрылысшылармен бірге құқық белгілейтін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды жүргізе отырып, Батыс1, 2 ықшамауданындағы түгендеуді аяқтау жұмыстарын жеделдетіп, Ақтөбедегі 338 бау-бақша ұжымдарының желілерін жоспарлы түрде түгендеуді бастауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу