Ақтөбеде интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін қылмыс түріне айналған

931

Ақтөбеде облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың халық алдындағы есебі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталына Ақтөбе ПД баспасөз қызметінен.  

Ақтөбеде интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін қылмыс түріне айналған

2020 жылы қоғамдық орындарда және көшелерде мас күйінде, бұрын қылмыс жасағандар, кәмелетке толмағандар және алынбаған және өтелмеген соттылығы бар адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар санының азаюының оң динамикасына қол жеткізілген. Ал 2021 жылы тәртіп сақшылары есірткі заттарының айналымына байланысты 301 қылмыстық құқық бұзушылықты, оның ішінде 43 өткізу фактісін анықталыпты. Заңсыз айналымнан 500 келіден астам есірткі тәркіленген.

Облыстың бас полицейі, сондай-ақ, қазіргі кезде интернет-алаяқтықтың жиі кездесетін қылмыс түріне айналып отырғанын айта келіп, тұрғындарды қырағы болуға және қаржылық мәмілелер кезінде жеке құжаттардың деректемелерін хабарламауға шақырды.

Ақтөбеліктерді түрлі мәселелер қызықтырды, олар жол қауіпсіздігі, көші-қон, әкімшілік заңнама, шектеу шаралары, сондай-ақ бейнебақылау камераларын орнату мәселелеріне қатысты болды. Сұрақтардан басқа, бірнеше азамат ұзақ уақыт бойы шеше алмаған мәселелерді шешуге көмектескені үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу