Ақтөбеде интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз жазаланды

404

Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды.

Ақтөбеде интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз жазаланды Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Аталған адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды, оның иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді және риэлторлық қызмет көрсететін ұйымдарға "жезөкшелікпен" немесе "жеңгетайлықпен" айналысу үшін үй-жайларды ұсыну әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын және ол үшін 100 АЕК және одан жоғары мөлшерде айыппұл қарастырылғанын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу