Ақтөбеде ипотекалық орталық ашылды

851

Ақтөбеде облыс тұрғындары үшін жылжымайтын мүлік іздеу және сатып алу процесін жеңілдететін бірегей сервис – ипотекалық орталық іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде ипотекалық орталық ашылды Фото: gov.kz

Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.

"Тұрғын үй құрылысының қарқынды өсуін және жалпы облыстың дамуын ескере отырып, мұндай орталықтың ашылуы – облысымыз үшін өзекті. Орталық мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып, халық игілігіне қызмет етеді деп сенемін", - деді облыс әкімі.

Өздеріңізге белгілі, Ақтөбе облысы – тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан көш басындағы үштіктің қатарында. Осы жылы кемінде 1,3 млн м2 жаңа баспана салу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу