Ақтөбеде ірі қара індетке шалдықты

550

Әйтеке би ауданының шаруа қожалығы белгісіз індетті белгісіне қарап аусыл деп топшылайды.   

Ақтөбеде ірі қара індетке шалдықты Фото: Марлен Баймағамбетовтің Фейсбуктегі парақшасынан
>Ауру малдың аузынан көпірік ағып, аяғы ақсаған, шөп жемей қалған. Індетке шалдыққандарын оқшаулап көрген. "Ақтөбе фермерлік орталығы" қауымдастығының төрағасы Марлен Баймағамбетов Әйтеке би ауданындағы  бірнеше адамнан өтініш түскенін айтты.
 
- Әйтеке би ауданының  шаруалары  мал ауруы  бойынша бірқатар шағым айтты. Індеттің кесірінен төл тастап жатыр.  Бөлек қойып едік, жұқтырмаймыз ба деп, бәрібір тарап жатырғанын айтты. Бұл деген өте жұқпалы,  толықтай ветеринарлық  жұмыс жасау керек. Санотрядтарды ауылға жіберу керек, - деп санайды Марлен Баймағамбетов. 
 
Ақтөбе облыстық ветеринария инспекциясы Әйке ауылдық округі, Тереңсай елді мекенінде ірі қара малдарының ауыздарынан сілекей ағып, жем-шөптен бас тарту белгілерімен 5-6 бас мүйізді ірі қара ауырғанын анықтаған. Дереу  "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығынан мамандары келіп, сілекей, қан сынамасын  алып зерттеуге жіберді.
Мамандар жалпы эпизоотиялық жағдай Әйтеке би ауданында тұрақты, мүйізді ірі қараның  өлім- жітімі тіркелмеген деп отыр. Ауру малдан алған сынаманың қорытындысы  шыққаннан кейін ғана, қандай індетке шалдыққаны белгілі болады.
 
Өткен жылы республикалық қордан  жоспардан тыс аусылға қарсы облыс бойынша 1 665 271 доза вакцина бөлініп профилактикалық іс шаралары жүргізіліпті.
 
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу