Ақтөбеде ірі қараның мүйізі мен тұяғынан дайындалған жем сатылымға шықты

906

Ақтөбеде ірі қараның мүйізі мен тұяғынан дайындалған жем сатылымға шықты

Ақтөбедегі ірі ет өңдеу комбинатының балық пен итке арналған жемі сатылымға шығарылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі ет комбинатында ірі қара мал түгел өңделеді. Қалдықсыз жұмыс істейтін комбинат құрылтайшысы Нұрлан Сағыналиннің айтуынша, Қытай нарығы ашылса, ішек-қарын, қырыққабаттың бағасы екі есе қымбаттайды.

Қазіргі кезде қырыққабат тазартылып, тұздалып жатыр. Ал малдың тұяғы, сүйегі, мүйізінен ит пен балықтың азығы шығарылып жатыр. Бекіренің азығында дәрумендер бар. Итке арналған азыққа таза ет қосылады.

 "Ет комбинатында дәрумендері бар құрғақ азық дайындалып жатыр. Арнайы құрылғы сатып алынды. Өңделген азық балыққа өте пайдалы. Ал иттің азығы "Премиум" класпен шығарылып жатыр. Бұл да құрғақ азық",- деді Нұрлан Сағыналин.

Айта кетейік, Ақтөбедегі ет комбинаты  2015 жылы іске қосылды. Құрал-жабдықтың бәрі Германиядан әкелінген. Етті экспорттауға басымдық беретін комбинат өткен жылы Ресейге 94 тонна өнім тасымалдады. Биыл бұл көрсеткіш артады.

"Ет өңдеу комбинаты қалдықсыз жұмыс істейді. Мұнда бордақылау алаңы, малды асылдандыру, ұрықтандыру жұмыстары жүреді. Сонымен қатар, кооператив ауқымына кіретін шаруашылықтар мал азығын дайындайды. Дайын өнім ішкі нарыққа, шетелге жіберіледі. Әрі ірі мұнай компанияларының тапсырыс қабылдаймыз. Жылына 7200 тонна өнім шығарылады деп жоспарланғанымен комбинат 50 пайызға жұмыс істеп тұр. Бізде ірі қара мал басы жеткіліксіз",- деді ет комбинаты кешенінің директоры Вахтанг Джиджиешвили.

Қазіргі кезде шаруалар, қарапайым ауыл тұрғындары малды комбинаттың бордақылау алаңына тапсырыс, салмақ жинаған соң сатып жатыр. Бұл әдіспен жақын облыстың шаруалары да мал тапсырады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу