Ақтөбеде ішімдікке салынған ана, кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен

424

Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін  оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді.

Ақтөбеде ішімдікке салынған ана, кәмелетке толмаған балаларын тастап кеткен Фото: gov.kz

"Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасымен құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрамында ведомствоаралық тобы құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, мобильдік топтар ата-аналары азғындық өмір салтын ұстанатын, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын отбасыларды тұрақты негізде аралайды.

"Мысалы, Ақтөбе қаласының прокуратурасымен 5-14 жас аралығында кәмелетке толмаған балдардың анасы алкогольдік  ішімдіктерге теріс пайдаланып, өз балаларын қараусыз қалдырғандығы анықталды.

Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін  оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді.

Қазіргі таңда, барлық балалар "Аяла" орталығына орналасқан, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша балалрдың анасын ата-ана құқығынан айыруға тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинақталуда.

Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу