Ақтөбеде ішімдікке салынғандарды емдеуде ерекше тәсіл қолданылады

561

Мәжбүрлеп емдеу орталығында 106 адам ем қабылдап жатыр. 

Ақтөбеде ішімдікке салынғандарды емдеуде ерекше тәсіл қолданылады

Ақтөбедегі ішімдікке, есірткіге салынғандарды мәжбүрлеп емдеу орталығында 106 адам ем қабылдап жатыр. Олардың дені қала тұрғындары. Есірткіге тәуелді 15 адам бар. Ауруханадағы 38 емделушінің соттылығы бар, деп хабарлайды aktobenews.kz.

"Ішімдікке есірткіге салыну бір күнде болған нәрсе емес. Сондықтан мұндай адамдарға ем жүргізу ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Оларға "әлі де тұрып кетесің" деп күнде қолдау көрсетуге тиіспіз. Сол себепті психолог және психотерапевт маманмен жұмыс жасап жатырмыз. Олармен психологтар көбірек сөйлеседі. Сурет салады, моншақ тастардан картина тоқиды. Шұқып жасайтын жұмыс олардың көңілін бөледі. Бұл ерекше ем. Қол өнері арқылы емделушілердің қызығушылығы артады", – дейді мамандандырылған емдеу-профилактикалық орталығының бас дәрігері Марат Айтуғанов.

Дәрігерлер мұндай науқастарға туыстарының қолдауы маңызды екенін айтты.

"Ең алдымен отбасы қолдау таныту керек. Отбасы болмаса ер адам ішіп кетеді. Емделушілердің барлығы жұмыс істемейді. Олар соңғы рет қашан жұмыс істегендерін айта алмайды. Ем алып жатқан 106 адамның 65-і ажырасқандар. Отбасынан жылулық таппаған ер адам ішімдіктен арыла алмайды", – дейді дәрігер.

Мамандардың айтуынша, орталыққа Алға, Мұғалжар, Хромтау, Қобда аудандарынан жұмыссыз жүрген азаматтар көп түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу