Ақтөбеде істен шыққан газ құю бекеті қағаз жүзінде сұйытылған отын сатып келген

1064

Ақтөбеде істен шыққан газ құю бекеті қағаз жүзінде сұйытылған отын сатып келген

Ақтөбеде өткен "Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымын жою мәселелері" форумы кезінде істен шыққан газ құю бекетінің қағаз жүзінде сұйытылған отын сатқаны анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы мен бағаның өсуі сөз болды. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукиннің айтуынша, сұйытылған газ айналасында заңсыздықтар көп. Газ тарату ісіне шенеуніктер де араласып кеткен. Салдарынан кейбір компанияларға басымдық беріліп, кейбірі шеттетілді. Ал газ құю станциялары алаяқтық жасауын тоқтатар емес.

"Ақтөбеде жұмыс істемей тұрған газ құю станциясына 1200 тонна газ бөлінген. Кассалық аппарат күн сайын чек беріп отырған. Қағаз жүзінде 2 газ құюшы жұмыс істеген. Бұл газбен ауылдағы 30 станцияны бір ай қамтуға болатын еді. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр", — деді бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин.

Айта кетейік, таяуда Ақтөбеде 6 вагон газды Ауғанстанға тасымалдамақ болған адамдар ұсталды. Іс бойынша 8 адам тергеуге алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу