Оқиға Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желідегі видеоны зерттеп, баланың кім екенін анықтады.
– Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында жас баланың итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазбасы анықталды. Тексеру барысында оқиға биыл мамыр айында Темір ауданының аумағында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені белгілі болды. Оқушы өзінің ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар, оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралады. Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Сонымен қатар, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.