Ақтөбеде қайырымдылық марафонынан 2,5 миллион теңге қаражат жиналды

898

Жарыс басталар алдын қатысушылар тәжірибелі спортшы, Азия, Африка, Австралия және Америкадағы ірі шөлейттерді жүгіріп өткен Марат Жыланбаевтан кеңес алды. 

Ақтөбеде қайырымдылық марафонынан 2,5 миллион теңге қаражат жиналды

Ақтөбеде жыл сайын өтетін "Aqtobe CNPC - AMG HalF Marathon" жарысы ұйымдастырылды. Биыл жарыс алғаш рет халықаралық және қайырымдылық статусын алды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Қатысушылардың барлық жарналары мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесетін  "АРДА Растемка" қоғамдық бірлестігіне берілді. Ұйымдастырушылардың  айтуынша, жиналған жалпы қаражат көлемі – 2 500 000 теңге.

Еліміздің он алты аймағынан сондай-ақ, Ресейден, Молдовадан, Қытайдан және Оңтүстік Кореядан 1100-ден астам адам марафонға қатысуға ниет білдірді. 

Жарыс басталар алдын қатысушылар тәжірибелі спортшы, Азия, Африка, Австралия және Америкадағы ірі шөлейттерді жүгіріп өткен Марат Жыланбаевтан кеңестер алды. Ол халықаралық деңгейдегі спорт шебері, марафондар мен ультра-марафондарға арналған өздік жүйені әзірлеген, 160 мың шақырымды бағындырған.

Марафонның қорытындысы бойынша, 5.10 және 21 шақырым қашықтықта жүгірген жеңімпаздар мен жүлдегерлер  медальдармен, және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Облыс әкімі жарысқа қатысушылармен қатар,Марат Жыланбаев пен "СНПС Ақтөбемұнайгаз" компаниясының бас директоры Вэй Юйсянға  "Ақтөбенің  150 жылдығы" мерекелік  естелік  медаль табыстады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу