Ақтөбеде қаланы тазалау акциясы басталды

1332

Ол екі айға жарияланған.

Ақтөбеде қаланы тазалау акциясы басталды

Ақтөбеде 8 сәуірден бастап ресми түрде жарияланған "Таза бейсенбі" шарасы басталды. Ол бойынша екі ай бойына қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүріп, оған барлық мекемелер атсалысуы қажет, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Акцияға қала тұрғындарынан бастап, барлық бизнес нысандары, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер қатысып, өздеріне тиесілі үйлерді, ғимараттар мен павильондардың сыртын жуып, сырлап-әктеулері тиіс. 

Сондай-ақ, тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен учаскелік инспекторлар көпқабатты тұрғын үйлердің КСК, кондоминуимдарына аула аумақтарын тазалау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Белгілі болғандай, көктемнің екінші айы басталса да ауласы уақытылы шығарылмағандықтан еріген қар суына толып кеткен жеке үйлер мен подъезі суға толып кеткен көпқабатты үйлер кездесіп жатыр екен.

Айта кетейік, шара аясында қоқыс пен қатты-тұрмыстық қалдықтарды полигонға қабылдау тегін жүргізіледі.

Өз кезегінде ақтөбеліктерді "белсенді азаматтық ұстаным танытуға" шақырған қала әкімі Асхат Шахаров "Ақтөбе - бүгінде жоғары индустриялық әлеуетке және бай мәдени мұраға ие Батыс Қазақстанның ең ірі қаласы. Облыс орталығының аумағы бірнеше есе өсіп, халық саны да артты. Осыған байланысты халықты абаттандыру бойынша міндеттер аясы да кеңейді... Қаламызды одан әрі қолайлы және әдемі ету үшін бар күшімізді салайық. Таза қала өзімізден басталады" деп шаһар халқына үндеу жолдады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу