Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

378

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған.  

Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр Фото: inbusiness.kz

8 желтоқсан полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz телеграм парақшасына сілтеме жасап.

Олар:

Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 ж.т. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара. Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 ж.т. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.

Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу