Ақтөбеде каратэден Қазақстан біріншілігі өтеді

878

Ақтөбеде каратэден Қазақстан біріншілігі өтеді

Қарашаның 28-30 аралығында Ақтөбеде каратэден Қазақстан біріншілігі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ұлттық чемпионатқа еліміздегі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 17 спортшы қатысады деп күтілуде. 

Құрама команданың үздіктері де чемпионаттан сырт қалмайды. 

Ел біріншілігі аяқталған соң, ұлттық құрама жаңартылып, болашағынан үміт күттіретін жастар команда қатарына алынады. 

Еске сала кетейік, биылғы маусым қазақстандық каратэшілер үшін жаман болған жоқ. Азия ойындарында Гузалия Гафурова чемпион атанса, әлем чемпионатында Дархан Асаділов қола жүлдеге қол жеткізді. 

Сондай-ақ, премьер-лига кезеңдерінде Данияр Юлдашев күміс жүлде иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу