24 мамырда сағат 14:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы Авиатор-3 гараж кооперативінде қараусыз қалған гаражды бұзу кезінде граната табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел қызметтер шұғыл шықты. Арнайы бөлімше саперлері табылған гранатаны болжам бойынша Ф-1 әскери гранатасын екендігін анықтады. Баллистикалық сараптама тағайындалды.
Полиция гараждың бұрынғы иесін анықтауда.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғышқұрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу