Ақтөбеде кәріз-сорғылау бекетінде күйіп қалған әйел қайтыс болды

472

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы 48 жастағы әйелдің кеше кешкілік қайтыс болғанын айтты.

Ақтөбеде кәріз-сорғылау бекетінде күйіп қалған әйел қайтыс болды Фото: Inbusiness.kz

Денесінің 95 пайызын күйік шалған Ирина Казанкина облыстық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түскеніне бір аптадай болған еді.

Естеріңізге салсақ, апат Ақтөбенің Кеңқияқ ауылында болған. Кәріз суларын жинайтын орында Ирина Казанкина оператор болып жұмыс жасаған. Сол түні кезекшілікте болған ол резервуардың толған-толмағанын тексеру үшін барғанда жалын лап етіп, жұмысшы күйіп қалды. 

Ауыл дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, артынша санавиациямен облыс орталығына жеткізілген. Кеңқияқ ауылындағы апатқа байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрған. Оқыс жағдайдың себебін анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу