Ақтөбеде қарыздарынан құтылу үшін бүйрегін сатпақ болған ер адамға үкім шықты

109

 Ер адам тірі ағзаны заңсыз саудалады деп айыпталды.

Ақтөбеде қарыздарынан құтылу үшін бүйрегін сатпақ болған ер адамға үкім шықты Фото: akt.sud.kz

Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны бүйрегін сатпақ болғаны үшін сотталды. Ол жазасын бостандықта жүріп өтейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ерболат Орынбасаров Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3 бөлігі, 116 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63 бабына сай тағайындалған жаза шартты деп саналсын", – деп үкім кесті судья Ақмарал Алиева.

Сонымен бірге пробациялық бақылау аяқталғанша тұрғылықты жерін өзгертпеуі тиіс. Ал егер өзгертіп жатса, пробация қызметіне хабарлайды. Жыл бойы ойын-сауық орындарына, мейрамханаларға, дәмханаларға бара алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу