Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық орта өкілдерінің және деструктивті діни ағымдардың қылмыстық-бағдарланған жақтаушыларының заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында өңірде автоломбард түріндегі қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісін анықтады, деп хабарлайды Рolisia.kz.
Автоломбардтың атын жамылып тұрақты қаржы пирамидасы құрылғаны анықталды. Жалған шарттарға сәйкес ұйымдастырушылар салымшыларға автокөлік құралдарын нарықтық бағадан жоғары бағаға сатып алуға уәде берген, бірақ автокөліктер нарықтық бағадан екі немесе одан да көп есе төмен үшінші тұлғаларға сатылған, ал төлемдер жаңа "клиенттерді" тарту арқылы жүзеге асырылған.
Арнайы операцияны жүргізу кезінде Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің жедел уәкілдері Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, осы заңсыз қызметке қатысы бар деген күдікпен қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысын және басқа да адамдарды ұстады.
Тінту барысында арнайы техника, ЖШС-нің заңсыз қызметіне қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер, банк карталары, электрондық жад тасымалдағыштар және ұялы телефондар тәркіленді.
Қазіргі уақытта күдікті пирамида басшылары соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қаржы пирамидасына қатысушы криминалитет өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды әшкерелеу бойынша одан әрі тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде.