Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы сотталды

501

Аса ірі мөлшерде ақша алып, қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткен азамат 6 жылға сотталды.  

Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы сотталды Фото: NUR.KZ

33 жастағы азамат құрған қаржы пирамидасы 2019 жылдың  желтоқсаны мен 2020 жылдың  ақпан айы аралығында жұмыс істеген. Іс бойынша 197 адамның жәбірленуші екені белгілі болды. Олар 1 миллиард теңгесін пирамидаға салған. Келген шығын  825 003 641 теңгені құрап отыр. Сот процесі кезінде 33 жастағы сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. 
Прокурор сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Үкім  шығарарда сот оның шын жүректен өкінгенін, жас баласының бар екендігін ескерді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу