Ақтөбеде кәсіпкер әйелдерге жеңілдетілген несие беріле бастады

1436

Ақтөбеде кәсіпкер әйелдерге жеңілдетілген несие беріле бастады

Елдегі іргелі банктердің бірі облыстағы кәсіпкер әйелдерге 10 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Бұл бастаманы "Атамекен" палатасы қолдап отыр. Осы мақсатта палатаның Астанада өткен бесінші съезі аясында банк пен іскер әйелдер кеңесі арасында меморандум жасалған болатын.

Бүгін Ақтөбе өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында арнайы комиссия құрамы несиеден үмітті кәсіпкер әйелдердің жобаларына талдау жасады.

"Несие шартының басты талабы — бизнестің басшысы немесе белсенді ұйымдастырушысы әйел адам болуы керек. Кәсіпкерлік субъектісі кемінде жарты жыл жұмыс жасап тұруға тиіс. Несие 10 миллион теңге көлемінде жеті жылға бес пайызбен беріледі. Қаражат тек осы жылдың аяғына дейін бөлінетінін ескерсек, кәсіпкер әйелдер бұл мүмкіндікті жіберіп алмауы керек", — дейді өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанар Елеусізова.

Банк ұсынған жеңілдетілген несиеге қол жеткізу үшін кепілзат болуға міндетті, алайда ол болмаған жағдайда кәсіпкерлер "Даму" қорының арнайы бағдарламалары арқылы несиеге өтініш бере алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу