Қылмыс жасалғанына бір тәуліктен астам уақыт өтсе де, оның жүрген жері анықталмаған.
Оқиға кеше таңертең Ақтөбе қаласындағы Нұрлы таң көшесінде болған. Қылмыс тұрғын үйдің ауласында жасалып, салдарынан жанар-жағармай желісінің директоры көз жұмды.
Бірқатар БАҚ марқұмның кәсіпкер Айболат Жисов болуы мүмкін екенін хабарлады. Оны жерлеу рәсімі ертең өтеді.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің әлі ұсталмағанын растады. Қазір оны іздеу шаралары жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу