Ақтөбеде кәсіпкерлерді шағын несиелендіру үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

1017

Ақтөбеде кәсіпкерлерді шағын несиелендіру үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

2018 жылы ақтөбелік кәсіпкерлерді шағын несиелендіру үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақтөбе облысы  кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанованың айтуынша өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік басқармасы "Даму" қорымен бірлесіп, Ақтөбе қаласы мен Хромтау қаласының кәсіпкерлерін шағын несиемен қамтуды арттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Осыған байланысты 17 қазан күні Хромтау қаласында ашық есік күнін өткізу жоспарлануда.

"Биылғы жылы үш жылдан аспайтын мерзімге тіркелген Ақтөбе және Хромтау қалаларының жұмыссыз және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлеріне шағын несие беру үшін республикалық және облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл жұмыс "Еңбек" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлер болашағы  бар перспективті  жобаларымен "Даму" қорына жүгіне алады. Осы мақсатта 17 қазан күні Хромтау қаласында екінші деңгейдегі банктер және  "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ АФ мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ АФ қатысуымен ашық есік күні өтеді", - деді Анар Даржанова.

Бағдарлама аясында туындаған мәселелердің жолын шешу үшін, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында кәсіпкерлерді кепілдендіру тетігі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ АФ жүзеге асырылады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік мөлшері шағын несие құнының 85% – на дейін, ал жұмыс істеп тұрғандар үшін-50% - ға дейін құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу