Оларды кәсіпкер Темірлан Махмедұлы қойған.
Бірақ жуырда оның 3-еуі ұрланған. Оның ішіндегі жиналған нанды да ақтөбеліктер таппай қалған. Темірлан Махмедұлы одан малға жем жасауды жоспарлаған.
Ол алдымен нанды ұнтақтап, содан кейін гранулятордан өткізбек болған. Оны жинап, малға беру идеясы оған кездейсоқ келген жоқ.
"Нан барлық халықтар арасында, қай заманда да жоғары бағаланған. Нанды контейнерлерге апарып салған дұрыс, ас атасы шашылып жатпауы керек", - дейді кәсіпкер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу