Ақтөбеде Қазақстандағы ең қуатты газ тарату станциясы пайдалануға берілді

1168

Ақтөбеде Қазақстандағы ең қуатты газ тарату станциясы пайдалануға берілді

Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ "Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерін жаңғырту" инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысында Ақтөбеде өнімділігі сағатына 300 мың текше метрді құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГТС) іске қосты, деп хабарлайды "ҚазТрансГаз" АҚ баспасөз қызметі.
Өнімділігі сағатына 300 мың текше метр болатын автоматтандырылған газ тарату станциясы облыс орталығы Ақтөбе қаласын ғана емес, қала маңындағы және шалғайдағы 4 ауданның елді мекендерін үздіксіз газбен жабдықтауға қауқарлы. Станцияның қуаты жұмыс істеп тұрғандарды ғана емес, болашақта салынатын өзге де нысандарды газбен қамтуға жетеді. Жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстары өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің артуына жағдай жасайды.

Инвестжобаларды жүзеге асыру кестесіне сай, газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ 2030 жылға қарай Ақтөбе облысының 96% тұрғынын табиғи газбен қамтуды жоспарлап отыр. Облыс бойынша 287 шақырым газ құбыры салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу