Ақтөбеде "Келешек мектебі" жобасы аясында жаңа мектеп ашылды

371

Оңтүстік-Батыс-2 шағын ауданындағы №87 мектеп 300 оқушыға арналған.  

Ақтөбеде "Келешек мектебі" жобасы аясында жаңа мектеп ашылды Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласының Оңтүстік-Батыс-2 шағын ауданында "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынған №87 жалпы орта білім беретін мектеп жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Білім күніне орай жаңа мектепте алғашқы оқу күні өтті. 300 оқушыға арналған білім ордасында негізінен бұған дейін №10 мектепте білім алған балалар оқиды.

Мектепте оқушылардың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасалған. Мұнда STEM, робототехника, биология, химия, физика және информатика кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар бастауыш сыныптар, технология, тарих, география, математика және алғашқы әскери дайындық пәндеріне арналған кабинеттер қарастырылған.

Жаңа оқу кеңістіктері оқушылардың практикалық және зерттеу жұмыстарын жүргізуіне, техникалық дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді.

Мектептің ашылуы шағын аудан тұрғындары үшін де маңызды жаңалық болды. Тұрғындардың айтуынша, жаңа білім ордасының іске қосылуы балаларға қолайлы әрі заманауи жағдайда білім алуға мүмкіндік береді.

№87 мектептің ашылуы Оңтүстік-Батыс-2 шағын ауданындағы білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу