Ақтөбеде кепілде болған екі адам көз жұмды

204

Тағы бір жәбірленушінің жағдайы ауыр. 

Ақтөбеде кепілде болған екі адам көз жұмды Фото: бейнежазбадан

Ақтөбе қаласында белгісіз біреу жеке үйлердің біріне басып кіріп, үш адамды кепілге алған. Жарақат алған 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның дерегінше, 13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден адамдардың кепілге алынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.

"Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды. Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде",  деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Айта кету керек, осыған дейін Ақтөбеде ер адам қыз бен оның ата-анасын кепілге алғанын жазғанбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу