Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнаған жігіттер қылмыстық жауапқа тартылады

197

Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнаған жігіттер қылмыстық жауапқа тартылады.

Ақтөбеде кірпіні доп қылып ойнаған жігіттер қылмыстық жауапқа тартылады Фото: Ақтөбе облыстық ПД Instagram парақшасынан

Ақтөбе қаласының Триатлон паркінде кірпіні доп қылып теуіп ойнаған жігіттер жазаланады. Қазір қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желіге жарияланған видеодан үш жігіттің кірпіні бір біріне теуіп, доп қылып ойнағанын көруге болады. Бұл Триатлон паркінде түсірілген видео. Бірі аяқ киіміне жабысқан тікендерді көріп таңқалып, тазартуға көшті. Полиция осы видеоны түсірген адам пен кірпіні тепкілеген жастарды тапты.

- Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бір топ жастың тірі кірпіні тепкілеп, футбол ойнағаны анықталды. Тексеру барысында бұл видеоның Ақтөбе қаласында түсірілгені белгілі болды. Күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық кодекстің "Жануарларға қатыгездік жасау" фактісі бойынша іс қозғалды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес жануарларға қатыгездікпен қарап, оның мертігуіне әкеліп соққан жағдайда 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу