Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр

475

Ақтөбеде су шаюы мүмкін республикалық жолдарда бекіту жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтөбеде көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр Фото: ҚазАвтоЖол

Ақтөбедегі республикалық тас жолдарда су басу қаупі басым 6 учаске бар. Онда қызметкерлер тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасайды.

Ал, 36 елді мекен су басу қаупі басым аумақта орналасқан. Оның алтауы республикалық маңызы бар тас жолға жақын. "ҚазАвтоЖол" АҚ облыстық филиалы ақпанда тасқынды болдырмау жұмысын бастады. Қазіргі кезде қаупі басым аумаққа инертті материалдар тасымалданды.

— "Су тасқыны кезеңіне 800 тонна құм аралас тас, 300 тонна қиыршық тас, 2 000 тонна құм мен 25 мың қап дайындалды. Су тасқыны кезеңінде республикалық маңызы бар тас жолдағы 6 учаскеде кезекші бриагада тәулік бойы күзет жүргізеді. Егер су өткізу жүйесіндегі жұмыс қиындаса, жолды инертті материалдармен бекітеміз", - деді "КАЖ сервис" ЖШС АОФ бөлім басшысы Нүркен Айтмағамбетов. 

Қазіргі кезде көпір астындағы су өткізу құбырлары мен оның аумағы қардан тазартылып жатыр. Күн сайын жұмысқа 400 адам мен 117 техника жұмылдырылады. Барлық инетті материал 16 жол-пайдалану бекетіне теңдей бөлінеді. Бұл қажет кезде материалды дер кезінде жеткізуге мүмкіндік береді дейді "ҚазАвтоЖол".

Айта кетейік, әр жол пайдалану бекетінде шебер, механизатор және жұмысшылар болады. Олар техникамен жабдықталған.

Синоптиктердің айтуынша, наурыз айында өңірде жаңбыр жауып, ауа температурасы +2 градус болады деп күтілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу