Ақтөбеде қоқыс контейнерлерін ұрлағандар ұсталды

1322

Металл пункттеріне конейнер мен люктерді қабылдауға тиым салынған.

Ақтөбеде қоқыс контейнерлерін ұрлағандар ұсталды

Ақтөбе қаласының қоқыс жинайтын 6 контейнерді ұрлап кетіп, металл қабылдайтын орынға тапсырмақ болған екі тұрғыны ұсталды. Оларды осы пункттің қызметкерлері ұстап берген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Қазіргі күні полиция департаменті ұрылардың үстінен Қылмыстық Кодекстің 188 бабы бойынша іс қозғаған. Оларды кінәсі дәлелденген бірнеше жылға жағдайда бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Ақтөбеде екі жылдан бері металл дайындаушылар қауымдастығы жұмыс істейді, оның құрамына 32 металл қабылдау пункті енгізілген. "Біздің қауымдастыққа кіретін пункттердің бәрі де жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұрланған контейнерлер, люктар, басқа да металл заттар туралы бірден тиеселі органдарға хабарлап отырамыз, әрбір пунктте металл тапсырушы туралы деректер толтырылатын журнал мен бейнекамера бар", - дейді аталған ассоциация басшысының орынбасары Берік Жулдин.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Ақтөбеде 511 контейнер алаңы бар, оларда 3 497 контейнер орналасқан.  2020 жылы 680 стандартты металл контейнер орнатылған. Биыл "Астана" және "Алматы" аудандарында 955 контейнер орнатылмақ, оның ішінде 200-і еуропалық үлгіде пластиктен жасалған.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу