Ақтөбеде қоқыс полигоны тағы да өртенді

84

Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбеде қоқыс полигоны тағы да өртенді Фото: Бейнежазбадан

Өрт аумағы 1 мың шаршы метрге жетті. Кеше басталған өрт бүгін таңда ғана толық сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұрмыстық қатты қалдық полигоны жылына бірнеше рет өртеніп тұр. Ескісі толық жабылып, жаңасы ашылғанымен проблема сол күйі шешімін таппады. 

"Ақтөбе қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанды. Алдын ала мәлімет бойынша жану аумағы шамамен 1 000 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру жұмыстарына Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті, апаттар медицинасы орталығы, "Қызмет Ақтөбе" ЖШС, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылды. Өрт кеше кешкі уақытта оқшауланып, таңертеңгі уақытта толықтай жойылды. Тілсіз жаудың таралуының алдын алу мақсатында шамамен 600 шаршы метр аумақ инертті материалмен жабылды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу